[:kk]ҰҚК Тараз тұрғынын ұстады[:]

[:kk]Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, Ақтөбе облысы бойынша Департамент өкілдері аймақтық есірткі арнасында есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар Б.Исмайловтың (1973 ж.т.) заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті.

“Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың тарату мақсатында аса көлемді гашиш есірткі затын Ақтөбе қаласына жеткізу бойынша пиғылы анықталды. 2019 жылы 9 қазанда ер адамның қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында 2,3 келі гашиш алумен бірге, Б.Исмайловты ұстау жүзеге асырылды”, – делінген ҰҚК сайтында.

Комитет мәліметінше, 16 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық-іс бойынша мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен Исмайлов кінәлі деп танылып, қатаң режимді түзеу мекемесінде жазасын өтеу үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылды.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp