[:kk]Жаяу жүргіншіні қағып өлтірген алматылық әйел 4 жылға сотталды[:]

[:kk]Алматыда Розыбакиев көшесінде адам қағып өлтірген қызға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Соттың үкімімен Зарина Сайфулина төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

“Сот алқысының шешімімен Зарина Сайфулина ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылдыү Ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің минимал қауіпсіздік колониясында өтейді”, – деп хабарлады соттағылар.

Сондай-ақ, сот айыпталушыны 4 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Зарина Сайфулина сот залында қамауға алынды.

Еске салайық, жол апаты MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығына қарама-қарсы жолда болған еді. 27 жастағы қыз ұйықтап кетіп, көлік жол жиегіне шығып кеткен де, сауда ойын-сауық орталығының автотұрағына кіреберісте жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға салдарынан жүргізуші жеңіл жарақат алды, ал жаяу жүргінші оқиға болған жерде қаза тапқан болатын.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp