[:kk]”Охотзоопром” инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің отбасы сотталушыларды кешірді. Бұл туралы Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен сөзжарыс кезінде зардап шеккен тараптың қорғаушысы Алмат Қасқырбай мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сонымен қатар, Алмат Қасқырбай кешірімнің айыпталушылардың жүріс-тұрысына қарамастан беріліп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, сот тыңдауы кезінде оның қамқорлығындағы адамдар “сотталушылардың өкінішін емес, оның орнына шімірікпеуін байқаған”.
“Шімірікпей отырған Қайрат Ақшанов. Мен сотталушының қандай жоспар айтып бергенін білмеймін, оған сәйкес Ақшанов жәбірленушілерге дене жарақатын салғанын мойындайды да, ал Ахметов пен Шүкілдіков жай ғана қасында болған, ал қалған төртеуі мүлдем өзінше кетіп бара жатқан адамдар-мсыс. Мен бұл әңгімені ойлап тапқан адамның кім екенін білмеймін. Бірақ оның әңгімесі өтірік. Барлығы да болды. Олар тек батылдығын жинап, бәрін мойындап, кешірім сұрауы керек еді. Нұрғалиевтер отбасының оларды кешіруге батылдығы жетті. Маған сеніңіз, әрбір жәбірленуші бұлай жасай бермейді. Олар сотталушыларды кешіретінін айтты, бірақ заң алдында олар жауап беруіне тура келеді”, – деді Алмат Қасқырбай.
Сондай-ақ, ол сотталушылардың туыстары жәбірленушілерге екі рет келгенін айтты. Алайда екі рет өз жақындарын ақтап, кешірім сұрамай кеткен.
“Біз сотталушылар Нұра ауданында жергілікті тұрғындардың немесе тіпті “Охотзоопром” қызметкерлерінің көмегімен аң аулаған деп есептейміз. Олар теңіз көліне фламинго қарауға емес, ақбөкен аулауға барған. Қасқырлар да жоқ. Олар бастапқыда барған Сарысуда бар. Қарағанды облысының аумағында соңғы үш жылда қасқырлар мен шакалдарды атуға рұқсатты қарапайым адамдарға бере бермейді…”, – деп атап өтті Алмат Қасқырбай.
Адвокаттың айтуынша, жәбірленуші тарап сотқа Қызылорда облысының полиция департаментіне жеке қаулы шығаруды сұраған. Құқыққорғаушының пікірінше, тергеу органдары сотталушылардан алғашқы жауап алуды жосықсыз жүргізген.
“Олар қылмыстық іс фигуранттарының әрқайсынан 10 минуттан жауап алды. Бұл күлкілі. Он минут ішінде қалай жауап алуға болады?! Бұл ақылға қонбайды. “Охотзоопром” әрекетіне қатысты да көптеген мәселе бар. Өз тікұшағы бар, онда олар ұшып жүреді. Ал оқиға болған күні қайда болды? Неге тек спутниктік және ұялы байланыс болды? Мемлекет пен жеке инвесторлар бөлетін қалған ақша қайда? Біз осының барлығын ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты тексереді деп үміттенеміз”, – деді адвокат.
Ерлан Нұрғалиевті өлтірді деген күдіктілер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Құқыққорғаушы сөз сөйлегеннен кейін сотталушы Қайрат Ақшанов жылап жіберді. Ол қаза тапқан инспектордың туыстарынан кешірім сұрап, өкінетінін мәлімдеді.
“Мен қаза тапқан Қазақстандықтардың ата-анасынан, ұлынан, ағасынан, туыстарынан кешірім сұраймын. Олар бізді кешіре ала ма, білмеймін. Мен болған оқиғаға қатты өкінемін, мен әдейі жасамадым. Мен және жолдастарым өз өмірімізге қорқып, осылайша қорғандық”, – деді Қайрат Ақшанов.
Ерлан Нұрғалиевтің туыстары сотталушылардан 20 миллион теңге өндіруді талап етті
Еске салайық, былтыр 15 қаңтарда елордалық № 1 ауруханасында “Охотзоопром” ӨБ” республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының инспекторы қайтыс болды. Браконьерлер шабуылынан зардап шеккен инспектордың бірі Петр Ницык оқиға жайлы айтып берді. ҚР Ішкі істер министрлігі “Охотзоопром”ӨБ” инспекторын өлтірді деген мемлекетаралық іздеу жарияланған күдіктілердің суретін жариялады. Осы дерекке қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (“Кісі өлтіру, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған”) бойынша тергеу шараларын жүргізді. Кейін күдіктілер ұсталып, тергеуден кейін ісі сотқа жолданған.[:]