[:kk]Қазақстандық ауыл тұрғындары күн сайын құбырмен өтуге мәжбүр – БАҚ[:]

[:kk]Атырау облысы Мақат ауданының Доссор ауылының орталығы мен Ынтымақ және Бірлік ықшамадуандарын (екі мың тұрғыны бар) темір жол бөліп тұр. Емханаға, балабақшаға, мектепке және басқада бір шенеуніктерге бару керек болса, тұрғындар темір жол рельстерінің астында салынған су өтетін құбырмен жүреді екен, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “АқЖайық” басылымына сілтеме жасап.

Басылым журналисі осы құбыр өткелді тексеріп көрген. “Айналасы лай-батпақ, тайғақ, арғы бетке өту оңай болмады. Қараңғы қапаста қалып қойғандай болдым. Кеңістік аз, ыңғайсыз және 160 сантиметрден биік адам басын бүгуге мәжбүр болады. Оқушылар үйреніп қалған, жүгіріп өтеді. Бір күнде осы құбырдан жүздеген адам өтеді екен”, – дейді журналист.

“Жасым 80-де, Бірлікте бұрыннан тұрамын және осы құбырдан өтуге мәжбүрмін. Таңда және кешкі уақытта онда қараңғы, ұялы телефондағы жарықты қосамыз”, – дейді ақсақал Тұрғали Дүйсенбеков.

“Оқушыларда осы жерден өтеді – басқа жерде жоқ. Қар ерігенде ол жерден өту тіпті мүмкін емес, себебі құбырға су жиналады. Балалар мектептен қайтқанша алаңдап отырамыз. Бірнеше жыл бойы осы өткел мәселесін қарастыруды сұрап келеміз, еш нәтиже жоқ, тек уәде береді де қояды”, – дейді Қайрат Қайсенов.

Осы оқиғаға қатысты Мақат ауданы әкімінің орынбасары Тілек Нұрпейісов пікір білдірді. “Осы аймақта темір жол өткелін салу мәселесі талқыланып жатыр. Бірінші кезекте біз жергілікті тұрғындармен ақылдасатын боламыз: темір жол асты мен бе әлде үстімен салған ыңғайлы ма? 2017 жылы ауданның бас жоспарында аспалы көпір салу жоспарланған еді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр”, – деді шенеунік.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp