[:kk]Белгілі опера әншісі Сүндет Байғожин Қостанай облыстық филармониясын басқарады[:]

[:kk]

Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясына белгілі опера әншісі, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожинбасшы болып келді, деп хабарлайды Alash24.kz

Сүндет Әбдірахманұлы Байғожин 1984 жылы Арқалық қаласында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық музыка академиясының түлегі.  Бұған дейін “Астана Опера” театрында жетекші опера әншісі, Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының, “Құрмет” орденінің иегері.

Өнер ордасының жаңа директорын көпшілікке облыстық мәдениет басқармасының басшысы таныстырды.

“Сүндет Байғожин  – Қостанай өңірінен шыққан ұлтымыздың талантты ұлдарының бірі. Енді туған жерде бар күш-жігерін салып еңбек етіп, үлкен шығармашылық ұжымды жаңа белестерге жетелейді деп сенім артамыз”, – деді Е. Қалмақов.

Қостанайдағы облыстық филармония 1944 жылы құрылғанҚазір мұнда Қазақ және орысхалық аспаптарының оркестрлері, “Қостанай таңы” би ансамблі, камералық оркестр,  “Маса” сатира және әзіл театры, “Славян әндері” ансамблі, “Достар” тобы, сияқты шығармашылық ұжым жұмыс істейді.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp