[:kk]Экология министрлігі Көбейтұздың ластануына алаңдаушылық білдіріп отыр[:]

[:kk]Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Көбейтұздың ластанып, ол жақтан тұздың тиеліп әкетілуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды Alash24.kz

«Жаңа ғана біз Көбейтұз көліне келдік. ҚР ЭГТРМ Экология, геология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов бастаған министрліктің мамандарынан құралған топ қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Тиісті шаралар қабылдануда. Сонымен бірге экологтар судың сапасы тексеру үшін сынамасын алды», – деп жазды әлеуметтік желіде министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Оның айтуынша, жұмыстың алдын ала қорытындысы кешке жарияланады.

«Бұл көлді кейінгі кезде туристердің ластауына және тұзды тиеп әкетуіне байланысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі алаңдаушылық білдіріп отыр», – деп хабарлайды Самал Ибраева.

Күні кеше елорда маңындағы Көбейтұз көліне карантин біткенше баруға тыйым салынғаны хабарланған.

Ерейментау ауданының әкімі мен мобильді бақылау тобы демалыс күндері адамдар көп шоғырланған «Көбейтұз», «Теңіз» көліне рейд ұйымдастырып, әкім Абай Әлжанов ол жақта рейд жүргізген болатын.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp