[:kk]Елордада сағат 23.00-ден кейін жүруге тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған – әкімдік[:]

[:kk]лордада тұрғындары мен қала меймандарына бүгіннен бастап түнгі 23.00-ден кейін жаяу жүруге тыйым салынатыны туралы бұған дейін ақпарат тараған болатын. Қала әкімдігі бұл ақпараттың жалған екенін жария етті, деп хабарлайды Alash24.kz

«Сағат түнгі 23.00-ден кейін жаяу жүруді шектеу туралы бап жоқ. Тек шынайы әрі ресми хабарламаға сенуге шақырамыз. 2020 жылдың 3 шілдесінде жарияланған бұрынғы қаулы ережелері 2020 жылдың 2 тамызына дейін күшінде болады. Сонымен бірге қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысы әзірге жанданбайды», – деп хабарлады әкімдіктен.

«2020 жылдың 3 шілдесінде жарияланған бұрынғы қаулы ережелері 2020 жылдың 2 тамызына дейін күшінде болады. Сонымен бірге қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысы әзірге жанданбайды», – деп хабарлады әкімдіктен.

Еске сала кетсек, кеше Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елордадағы қоғамдық көліктің жұмысы әзірге жанданбайтынын хабарлаған еді.

«Қатаң карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты, елордадағы қоғамдық көлік жұмысы әзірге жанданбайды. Бағыттар туралы жолға шығар алдында қосымша хабарлаймыз», – деп хабарлады әкімдіктен.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp