[:kk]Қасым-Жомарт Тоқаев КВИ статистикасы жайлы: Біз ешнәрсені жасырмауымыз керек[:]

[:kk]Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында азаматтарды КВИ бойынша тесттен өткізу жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Alash24.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиын барысында азаматтарды тесттен өткізу мәселесі де қозғалды. Қазір күніне 32 мың адамнан сынама алатын деңгейге жеткенбіз. Дегенмен өңірлер арасында көрсеткіштердің алшақтығы байқалады.

– Ауру жұқтырған адамдардың санын анықтаудың төмендігі – жергілікті жерлердегі лабораториялардың тиімсіз жұмысының нәтижесі. Мұны нақты көріністі жасырып қалу деп бағалауға да болады. Үкіметке аймақтар арасындағы тестілеу нәтижесін реттеуді қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Біз ешнәрсені жасырмауымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Бүгінде жұқпалы ауру жұқтырған азаматтарға арналған төсек-орындар көбейген. Бірақ бұл өзге медициналық қызмет көрсету орталықтарын жабудың есебінен артып отыр. Соның салдарынан азаматтарға медициналық көмек көрсетудің қол жетімділігі төмендеп кеткен. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге созылмалы ауруы бар азаматтарға, сондай-ақ, жүкті әйелдерге жоспарлы медициналық көмек көрсетуді кезең-кезеңімен қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp