[:kk]Асқар Мамин індеттен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты[:]

[:kk]Премьер-Министр Асқар Мамин коронавирус инфекциясынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

“Осынау күрделі кезеңде Қазақстан коронавирус індетімен күресуде. Өкінішке қарай, қауіпті індеттің салдарынан біздің отандастарымыз да көз жұмуда. Қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына аса қайғыра отырып көңіл айтамын.

Мемлекет басшысының шешімі бойынша 13 шілде COVID-19 індетінен қайтыс болған қазақстандықтарды еске алу үшін Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қабылданып жатқан шаралар халқымыздың табандылығы мен ерік-жігерін және өз күшіне деген сенімін тағы бір көрсете отырып, бізге індеттің таралуын тоқтатуға мүмкіндік беретініне сенімдімін”, – деді Асқар Мамин.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp