[:kk]Тоқаев өзінің екінші Жолдауында қандай мәселе қамтылатынын айтты [:]

[:kk]ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің екінші Жолдауында экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатынын мәлім етті.

«Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық. Дегенмен, өзімнің екінші Жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын», – деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен бірге, Президент қазіргі дағдарыстың шикізаттық сипатта экономикамызға қауіпті екенін және оның барлық атрибуттары көрсетілген жаңа бағыт керектігін айтты.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс жүйесі арқылы өтті.

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp