[:kk]Бүгін Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді[:]

[:kk]Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

«Бүгін сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видео байланыс арқылы өтеді.

Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.

Президенттің баспасөз қызметі өзінің @AkordaPress ресми аккаунтында твит-трансляция жасайды», – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp