[:kk]Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс жай-күйі мен егін жинау жұмыстарына дайындық барысы туралы ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты.
“2020 жылғы егін жинау туралы айтатын болсақ, елдің оңтүстік өңірлері – жаңа егін жинауға кірісті. Мәселен, Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде, 93 мың га бидай және 26 мың га арпа орылды. Орташа өнімділігі – 17,0 ц/га.
Сондай-ақ картоп, көкөніс және бақша дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте, негізгі астық егетін облыстарда жаздық бидай егісінің түтікке шығу фазасына көшуі байқалады. Аталған облыстарда астық жинау тамыздың ортасынан басталады”,-деді бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Оның айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 22,5 млн гектарды құраған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 238 мың гектарға артық.[:]