[:kk]Нұр-Сұлтанда коронавирус стационары 87% толды – Алтай Көлгінов [:]

[:kk]Елордада эпидемиялық жағдай өзгерген жағдайда, қосымша мыңнан астам орын ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

Оның айтуынша, кронавирус карантині басталған уақытта елордада тек қана үш стационар болып, мыңға жуық орын болса, қазіргі уақытта 13 стационар немесе 3 700-ден астам орын бар. Оның 87 пайызы толған.

«Вирус жұқтырған жүкті әйелдерге арнайы перинаталды орталық ашылды. Республикалық ұлттық ғылыми орталықта 240 орын ашылды. Оның 40 орны – реанимация. Кардиохирургиялық орталықта 60-тан астам ауыр халдегі азаматтарға жансақтау бөлімін аштық. №1 аурухана толығымен коронавирус стационарына ауыстырылды. Ондағы пациенттер басқа ауруханаларға жіберілді», – деді қала әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен бірге, әкім «Рамада плаза» қонақ үйінде 500 орын ашылғанын еске салды.

«Онда толыққанды стационар жұмыс атқаруда. Оның 60 пайызынан астамы науқастармен толды. Егер эпидемиялық жағдай әрі қарай өзгеретін болса, қосымша мыңнан астам орын ашуға әзірміз», – деді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 5 984-ке жетті, 61 адам қайтыс болды.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp