[:kk]Қазақстанда бір күнде дәрілерді алып-сатумен айналысқан 46 адам ұсталды[:]

[:kk]Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 6 шілдеде Қазақстанда дәрі-дәрмектерді алып-сатумен айналысқан 46 адамның ұсталғанын айтты.

Министрдің айтуынша, дәрілерді заңсыз сату фактілері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында анықталған.

«6 шілдеден бері полицияға 46 адам жеткізілді. Олардан дәрі-дәрмектің түр-түрінің 20884 қаптамасы, нақтырақ айтқанда 2600 қаптамадан глюкоза мен ферсинол, 2200 қаптама ацетилсалицил қышқылы, 654 қаптама парацетамол тәркіленді. Яғни пайда табу мақсатындағы саудалау жағдайы тіркелуде. Осылардың бәрі де нарықта дүрбелең туғызуда», – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp