[:kk]Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 105 млрд теңгенің ұрлануына жол бермеді[:]

[:kk]ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 105 млрд теңге бюджет қаражатының ұрлануына жол бермеді. Бұл туралы аталған ведомствоның Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов айтты.

Нұрлан Жақсымбетов бюджет қаражатын ұрлауды дер кезінде ескерту – оны қайтаруға көп күш жұмсаудан әлдеқайда тиімдірек екендігін атап өтті.

«Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жүргізген қылмыстық-құқықтық және алдын алудың кешенді жұмыстары 105 млрд теңгені жымқыру мен тиімсіз пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік берді. Қарқынды жұмыс жалғасады. Бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау, сондай-ақ жымқырудың уақтылы жолын кесу мен залалды жедел өтеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттары болып қала береді», – деп атап өтті департамент басшысы.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp