[:kk]Елжан Біртанов инфекциялық стационардан шығып, үйінде ем алып жатыр [:]

[:kk]Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов инфекциялық стационардан шықты.

«Елжан Амантайұлы жағдайының жақсаруына байланысты инфекциялық стационардан шығарылды. Қазір амбулаториялық емін жалғастыруда», – деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылып , оның орнына Алексей Цой тағайындалған еді.

Оның алдында Елжан Біртановтың КВИ жұқтырып алғаны хабарланған еді.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp