[:kk]Президент елді қоғамдық-саяси либералдандыру процесіне жаңа серпін берді – Байбек[:]

[:kk]Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек америкалық сарапшы Джесси Джейн Даффтың The Washington Times газетінде шыққан мақаласына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Партия басшысы бұл жайында өзінің Facebook парақшасында жазды. «Америкалық сарапшы Джесси Джейн Даффтың The Washington Times газетінде шыққан мақаласын оқып шықтым. Біздің бұқаралық ақпарат құралдарымыз оның толық аудармасын жариялады. Саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер бұған қатысты өз пікірлерін білдірді. Материалдың мазмұнын қайталап жату артық. АҚШ-тың беделді басылымында мұндай мақаланың жариялануы бұл елдің өңірдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге деген айтарлықтай қызығушылығын аңғартады. «Nur Otan» партиясы ауқымды қайта жандануды жүргізіп, өз праймеризін іске қоса отырып, тұрақты түрде демократияны қолдап келе жатқанын көрсетіп отыр. Америка сарапшысы да осыны атап көрсеткен» деп жазады Бауыржан Байбек.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp