[:kk]Атырау облысында 27-29 маусымда қосымша шектеу шаралары енгізіледі[:]

[:kk]Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанар Досымбаеваның қаулысымен 2020 жылғы 27 маусымдағы сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 29 маусымдағы сағат 00:00-ге дейін Атырау облысында қосымша уақытша шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Оған сәйкес, көпшілік іс-шаралар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, поминкалар), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Келесі жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жүріп-тұруына:

– жүріп-тұру тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері болған жағдайда жұмыс орнынан анықтама (не қызметтік куәлігін);
– азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды тұратын және жұмыс орнына жақын дүкендерде және дәріханаларда сатып алу;
– шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға бару;
– үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендету;

65 жастан асқан адамдарға тым қажеттіліксіз көшеге шығуына тыйым салынады.

Сауда, ойын-сауық орталықтары, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, азық-түлік және азық-түлік емес сауда желілері,филиалдарды қоспағанда, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;

қоғамдық тамақтану нысандарын, жеткізу қызметін қолданатын нысандарды қоспағанда.

фитнес-орталықтар және басқа да спорттық нысандар;

сұлулық салоны, шаштараз, SPA-орталықтар мен салондар және басқа да қызмет көрсету нысандары;

қоғамдық моншалар, бассейндер, сауналар;

туристік аймақтар (демалыс базалары);

қоғамдық орындардың жұмыс істеуі: саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар және басқа да демалыс орындарының жұмысына тыйым салынады.

Қоғамдық көлік, жедел жәрдем көлігі, апаттық қызмет және басқа да арнайы органдар, сондай-ақ елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың көлігін қоспағанда.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp