[:kk]Министр қазақстандықтарға қашықтан жұмыс істеуге кеңес берді[:]

[:kk]

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтарға қашықтан жұмыс істеуге кеңес берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр офистен жұмыс істейтін барлық қызметкер қашықтан жұмыс істеу керегін атап өтті.

“Барлық кәсіпорынға 100 пайыз қашықтан жұмыс істеуге кеңес беремін. Қашықтан жұмыс істеу форматына көшу керек. Барлық норма еңбек кодексінде көрсетілген. Төтенше жағдай кезінде тәжірибе жинаған шығарсыздар немесе толық емес жұмыс күніне ауысуға кеңес беремін”, – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Нұрымбетов қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ кәсіпорындар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керегін атап өтті.

“Дене қызуын өлшеуден бастап, арақашықтық сақталуы керек. Дезинфекция жұмыстары жүргізілуі қажет. Бұл еңбек ұжымындағы қауіпсіздікті сақтау үшін керек”, – деді министр.

Сонымен қатар, ол елімізде коронавирус жағдайы күрделі екенін атап өтті.

“Бұған түсіністікпен қарасаңыздар. Біз барлығын (жаңалықты – автор) оқып отырмыз. Жұмыс берушілер қызметкерлерден коронавирус жоқ дәлелдейтін анықтама сұрап отыр”, – деді Біржан Нұрымбетов.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp