[:kk]Елбасының атына Иордания Королі ІІ Абдалладан жеделхат келіп түсті[:]

[:kk]Иордания Королі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлады elbasy.kz.

«Сіздің коронавирус дертімен күресіп жатқаныңыз туралы хабарды естідім. Осы жайсыз хабарға алаңдай отырып, сізге тезірек сауығып кетуіңізге тілегімді білдіру үшін жеделхат жолдауды жөн көрдім. Сіздің ең жақсы медициналық ем қабылдап жатқаныңызға сенімдімін әрі осы ем жақын арада оң нәтиже береді деген үміттемін. Өзіңізге тән мықты рухыңыз бен қажыр-қайратыңыздың арқасында дерттен тез айығып шығатыныңызға сенімдімін.

Сізге деген жоғары құрметім мен ыстық ықыласымды білдіремін», – делінген жеделхатта.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp