[:kk]”Өкінішпен естідім”: Түркия президенті Назарбаевқа жеделхат жолдады [:]

[:kk]

Түркия президенті қажеттілік туындаған жағдайда қолындағы барлық мүмкіндігімен Назарбаевтың жанынан табылатынын жеткізген

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Түркия республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғаннан жеделхат келіп түсті. Ол Қазақстанның тұңғыш президентіне тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Sputnik.kz сайты.

“Сырқаттанып қалғаныңызды өкінішпен естідім. Алладан шипа беруін тілеймін. Үнемі жеңіспен еңсерген күрестердегі сынды бұл сынақты да жігеріңізбен артқа тастайтыныңызға кәміл сенемін”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Түркия президенті жеделхатта қажеттілік туындаған жағдайда қолындағы барлық мүмкіндігімен Нұрсұлтан Назарбаевтың жанынан табылатынын жеткізген.

“Қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда қолымыздағы барлық мүмкіндігімізбен жаныңызда екенімізді жеткізгім келеді. Сізге деген терең құрмет пен сүйіспеншілік сезімімен жеке өзім және барша түрік халқы атынан тезірек сауығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін”, – дейді Ердоған.

18 маусымда Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясына тапсырған анализі оң нәтиже көрсеткенін хабарлады.

 

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp