[:kk]Жыл басынан бері 33 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді [:]

[:kk]2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республика бойынша жалпы ауданы 4,1 млн шаршы метр немесе 33 479 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Оның ішінде 14 209 жеке үй бар. Бұл кезеңде жеке меншік есебінен жалпы ауданы 3,8 млн шаршы метр баспана салынды, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 1 маусымға дейін қаржыландырудың барлық көздерінен тұрғын үй құрылысына 525,4 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 120,6%.

Тұрғын үйді іске қосу бойынша Түркістан (131,2%), Қарағанды (124,9%) Шығыс Қазақстан (114,3%), Батыс Қазақстан (111,9%), Жамбыл (108,7%), Солтүстік Қазақстан (108%), Қостанай (107,9%) облыстары алда келеді. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша осы кезеңде 28 мың шаршы метр немесе 507 жалға берілетін тұрғын үй пәтер пайдалануға берілді.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp