[:kk]2019 жылы Қазақстанға 17,6 мыңнан астам оралман келді[:]

[:kk]

Өткен жылы Қазақстанға 17,6 мыңнан астам оралман келді, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“2019 жылы 17 661 этникалық қазақ немесе 9 993 отбасы тарихи отанына оралды және оралман мәртебесіне ие болды. Оралмандардың көпшілігі Қытайдан – 41,5% немесе 7 326 адам, Өзбекстаннан – 40,1% немесе 7 074 адам, Түркменстаннан – 6,5% немесе 1 152 адам, Монғолиядан – 6,2% немесе 1 095 адам, Ресейден – 1,8% немесе 313 адам, 3,9% немесе 701 адам басқа елдерден келді”, – деп ақпараттандырды министрлікте.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, Оралмандардың басым көпшілігі Алматы – 38%, Маңғыстау – 14% облыстарына, Шымкент – 7% және Нұр-Сұлтан – 6% қалаларына қоныстанды. Келген оралмандардың жалпы санынан еңбекке жарамды жастағы адамдар 62,7%-ды немесе 11 082 адам, еңбекке қабілетті жастағылар – 30,7%-ды немесе 5 420 адам, зейнеткерлер – 6,6%-ды немесе 1 159 адам құрайды.

“Еңбекке жарамды жастағы оралмандардың ішінен білім деңгейі бойынша 13,6% – ы жоғары білімді, 25,2%-ы – орта арнаулы білімді, 46,7%-ы – жалпы орта білімді, 14,5%-ның білімі жоқ. 2019 жылға ҚР Үкіметі 2 031 оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын бекітті, ол мынадай түрде бөлінді: Қостанай облысы бойынша – 815, Павлодар облысы бойынша – 550, Ақмола облысы бойынша – 306 адам, Шығыс Қазақстан облысы бойынша-250, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 110 адам”, – деп хабарлады министрлікте.

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде субсидия беру түрінде қолдау көрсетілді: көшуге – отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК (84,2 мың теңге) біржолғы төлем; тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін 12 ай бойы отбасына 15-тен 30 АЕК (36,1-ден 72,2 мың теңге).

Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылдан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 313 256 отбасы немесе 1 057 280 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алған болатын.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp