[:kk]Ресейдегі әскери шеруге қатысатын қазақстандық сарбаздар короновирусқа тест тапсырды[:]

[:kk]Ресейдегі әскери шеруге қатысатын біздің сарбаздар короновирусқа қатысты тест тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесі шыққанан кейін Мәскеуге аттанып, қазір соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Жерлестеріміз белгіленген аумақтың сыртына шыға алмайды және жергілікті халықпен араласуға тыйым салынған.

Барлық санитарлық талап қатаң сақталады. Шараның өзі 24 маусымда өтеді. Оған 13 мыңнан аса әскери маман қатысады деп күтіліп отыр. Әскери шеруді соғыс ардагерлері өз көздерімен көре алады. Тіпті оларға медициналық маска тағу да міндетті емес. Бастысы әлеуметтік қашықтық сақталу керек. Қызыл алаңға оларды арнайы көлікпен жеткізеді.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp