[:kk]Ұлттық біліктілік тестілеуіне жазылып, келмей қалатын мұғалімдер бар [:]

[:kk]Қазақстандық мұғалімдер тамыз айына дейін Ұлттық біліктілік тестін тапсырып үлгермей қалу қаупі бар. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұғалімдер Ұлттық біліктілік тест тапсыратын күндерін жиі ауыстырады. Өздеріңіз білесіздер, мұғалімдер тест тапсыратын күнді өздері белгілейді және уақыты келгенде тестілеуге келмейді. Тек Шымкент қаласынан жүздеген өтініш түсті. Олар тестілеуге келмегендіктен, қайта өтініш беріп, жазылады», – деді Дидар Смағұлов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматта өткен аппарат жиналысында.

Оның атап өтуінше, мұндай жайт көптеген мұғалімнің тест тапсыруға жазылуына кедергі келтіреді. Өйткені, тест тапсыратын аудиторияларда орын аз.

«Пандемияға байланысты әр пункте отыратын орын санын 50 пайызға дейін қысқарттық. Енді аудиторияда 75 адамнан көп отырмайды. Бірақ, мұғалімдер тестілеуге жазылғанымен, келмей қалады. Мүмкіндік болса, мұғалімдер жауапкершілігін арттыруы керек. Жазылған күнінде келіп, тест тапсырса жақсы болар еді. Өйткені, олар басқа мұғалімдердің орнын алады және барлық педагогтар тамызға дейін Ұлттық біліктілік тестінен өте алмай қалуы мүмкін», – деді орталық директоры.

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp