[:kk]Денсаулық сақтау министрі Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланып отыр[:]

[:kk]Корнавирус жұқтырған ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланып отыр, – деп хабарлайды Alash24.kz. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.

“Денсаулық сақтау министрінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оған қойылған диагноз – пневмония. Қазіргі уақытта хаттамаға сай ем алып жатыр. Стационарда ем алып жатқанына қарамастан, министр коронавирус инфекциясы штабының жұмысын онлайн түрде реттеп жатыр. Елжан Амантайұлының тезірек қатарымызға қосылғанын күтеміз”, – деп хабарлады Диас Ахметшәріп.

Министрдің қызметін уақытша Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева қатар атқарып жатыр.

Еске салайық, 14 маусымда министрдің коронавирус жұқтырғаны анықталған еді.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp