Абай атындағы опера және балет театры Сингапурде өнер көрсетеді

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры алғаш рет Сингапурде гастрольдік сапармен өнер көрсетеді. Қойылымдар 2026 жылғы 23–25 қаңтар аралығында NUS университетінің мәдениет орталығында өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Гастроль аясында театр сингапурлық көрерменге екі бағдарлама ұсынады. Атап айтсақ, «Классикалық балет жауһарлары» («Аққу көлі» (адажио), «Сильфида», «Дон Кихот» балетінен үзінді) және Альберто Алонсо қойып, музыкасын Родион Щедрин жазған бір актілі «Кармен-сюита» балеті. Бұл қойылым – құмарлық, еркіндік пен тағдыр тақырыптарын терең ашатын әлемдік хореография өнеріндегі көркем туындылардың бірі.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp