Астанада 101 мен 112 біріктірілді

ҚР ТЖ министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «112» қызметінің жаңартылған жоспарлау және жедел басқару орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Орталықта ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді: жабдықтар жаңартылып, заманауи цифрлық байланыс құралдары енгізілді, қалалық «Сергек» бейнебақылау жүйесімен біріктірілген бейнеқабырғалары бар бірыңғай операторлық зал құрылды. Тәулік бойы кезекшілік пен қызметкерлердің демалысына арналған үй-жайлар жаңартылды. Бұл қоңырауларды өңдеу жылдамдығын арттыруға және жедел қызметтердің үйлесімділігін жақсартуға мүмкіндік берді. Айта кетсек, жыл сайын «112» диспетчерлері елорда тұрғындарынан шамамен 750 мың қоңырау қабылдайды.

ТЖ министрі: «Біз бірыңғай әрі заманауи ден қою жүйесін қалыптастырып жатырмыз. Бірінші Астана қаласында, кейін бұл модель еліміздің барлық өңірлерінде енгізілетін болады. Біздің міндетіміз адамның қай жерде екеніне қарамастан, әрбір қоңырауға жедел әрі кәсіби жауап беру»,– деп атап өтті.

«101» және «112» қызметтерін кезең кезеңімен біріктіру 2026 жылға жоспарланған. Қазіргі уақытта нормативтік құжаттарды әзірлеу және әмбебап диспетчерлерді даярлау жұмыстары жүргізілуде.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp