Президент тапсырмасы бойынша Үкімет Арнайы мемлекеттік қор қаражатын спорт инфрақұрылымдарын дамытуға тартуда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов хабарлады
Ол Ақмола облысының Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы аяқталғанын атап өтті, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Одан бөлек қазіргі уақытта үш нысанның құрылысы жүруде. Олар – Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион, Алматы облысындағы спорт кешені және Көкшетаудағы көпфункционалды кешен.
«Қазір жаңа 6 нысан бойынша өтінім жолданды. Олар – Түркістан облысы Бақыбек ауылы, Алматы облысы Шеңгелді және Заречный кенттері, Қостанай облысы Арқалық және Лисаков қалаларындағы, сондай-ақ Астана қаласындағы “Қазақстан” спорт кешені», — деді Ербол Мырзабосынов.










