Қазақстанда шаруалар үшін кредиттік желілер тетігін енгізу жоспарлануда

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру тәжірибесі жалғасып жатқанын хабарлады

Ол вегетациялық кезеңнің қорытындысы бойынша 1,8 млн тонна минералдық тыңайтқыш енгізілгенін, бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 56%-ын құрайтынын атап өтті. Элиталық тұқымдардың үлесі 9,5%-дан 11,5%-ға дейін өсті, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

«Ерте қаржыландыру бағдарламасы келесі жылы да жалғасады. 1 қазаннан бастап 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінім қабылдау басталды. Қарашаның екінші онкүндігінен бастап шаруаларға револьверлік кредит беру ашылады, бұл бір кепілдікпен жыл сайын несие алуға мүмкіндік береді», — деді Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар көлемі 250 млрд теңгеге жеткен жеңілдетілген лизинг бағдарламасы арқылы техника жаңарту қарқыны 6,5%-ға жетіп, екі жыл ішінде ауыл шаруашылығы техникасының тозуы 80%-дан 70%-ға дейін төмендеді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp