Мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені құрады – Қаржы министрлігі

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені немесе жоспарға сәйкес 102%-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Ол өткен жылға қарай өсу қарқыны 116%-ға немесе 2,4 трлн теңгені құрағанын атап өтті. Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге түсті. Жоспар 97,3%-ға орындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116% немесе 1,4 трлн теңгеге көп.

«Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар түседі, бұл 6,8 трлн теңгені құраған тұрақты өсімді көрсетеді. Жоспар 704,4 млрд теңгеге асыра орындалды», — деді Мәди Такиев.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp