Үкіметте Алатау қаласының құқықтық мәртебесі пысықталуда

Президенттің 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралған отырыста Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Алатау қаласы мен оның ерекше мәртебесіне айрықша назар аударып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне құқықтық аспектілерін жасап шығаруды тапсырды. Үш ай ішінде қаланың құқықтық режиміне және оны басқаруға қатысты заңнамалық актілердің жобалары әзірленуге тиіс.

«Цифрлық даму министрлігі бір ай мерзімде үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, «Ақылды қалалар» тұжырымдамасын кеңінен тарату бойынша іс-шараларды әзірлесін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp