Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Есекеев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
“Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын”, – делінген Жарлық мәтінінде.