[:kk]2020 жылы бас қалада жаңадан 54 сквер салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының 2020-2025 жылдарға арналған абаттандыру бағдарламасы бекітілді. Соған сәйкес биыл қалада 54 сквер салынады. Оның ішінде 22-і Байқоңыр ауданында, 15-і Алматы ауданында 11-і Сарыарқа ауданында және 6-ы Есіл ауданында», – деді Нұрлан Уранхаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатынан соң тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.[:]