Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді

Облыс әкімі Берік Уәли Көкпекті аудандық ауруханасына барып, нысанда жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

2010 жылы пайдалануға берілген ауруханада бүгінде 243 қызметкер еңбек етеді. Медициналық мекемеде 40 төсек-орын қарастырылған. Хирургия, инфекция, гинекология, терапия және педиатрия бөлімшелері жұмыс істейді, деп хабарлайды Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Биыл мұнда күрделі жөндеу жүргізілді. Жедел жәрдем блогының кіреберісі қайта жаңғыртылып, жұмыс толығымен аяқталды. Сонымен қатар, аурухана ғимаратының қасбеті жаңартылды.

Облыс әкімі ауруханада жүргізілген жұмыстарды көріп, дәрігерлермен пікірлесті. Медициналық мекеменің тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсетуі маңызды екенін атап өтті.

«Көктемде ауданға келгенде арнайы тапсырма беріп, тиісті қаражат бөлгізген болатынмын. Ол кезде ғимараттың кіреберіс баспалдағы тік, көлік кіріп-шығуға ауласы тар, сыртқы жарығы жоқ болатын. Енді, міне, жаңарып, заманауи келбетке еніпті. Құтты болсын. Халық игілігі үшін жұмыс істесін» , – деді аймақ басшысы.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp