Ұлы ойшылдың рухын жаңғыртқан әдеби-сазды кеш өтті

Абай театрында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» атты әдеби-сазды танымдық кеш өтті 

Кешке қала тұрғындары мен қонақтары ерекше ықыласпен жиналды, деп хабарлайды Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шара барысында көрермендерге Абайдың рухани мұрасы мен терең философиялық ойлары дәстүрлі өнер арқылы ұсынылды. Сахнада қазақтың дәстүрлі ән өнерінің майталмандары өнер көрсетіп, Абай шығармаларын ән мен күй арқылы жеткізді.

Кешке ҚР халық әртісі Рамазан Стамғазиев, мәдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев пен Еркін Шүкіман, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева және Гүлмира Сарина сынды танымал тұлғалар қатысып, көрермендерді рухани байытып, ерекше әсерге бөледі.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp