[:kk]Қазақстан Токио Олимпиадасының шегерілуінен 4,3 млрд теңге үнемдеген[:]

[:kk]Токио Олимпиадасының кейінге шегерілуіне байланысты Қазақстанда осы жартыжылдықта 4,3 млрд теңге үнемделіп, бюджетке қайтарылды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметіндегі халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ

“Пандемияға байланысты бүкіл әлемде ірі спорттық шаралардың бәрі де кейінге шегерілді. Өздеріңіз білетіндей, Олимпиада ойындары да келесі жылға қалдырылды. Жазғы Олимпиада ойындары осы жылдың шілде айының аяғы мен тамыз айының басында өтуі тиіс болатын. Осыған байланысты халықаралық және лицензиялық сайыстардың өткізілу кестесіне де айтарлықтай өзгерістер енгізілді”, – деді Райымқұлова.

Министр қазіргі уақытта қазақстандық спортшылардың жаттығуға кіріскенін атап өтті.

“Олимпиада келесі жылға қалдырылғаннан кейін биылғы жартыжылдықта 4,3 млрд теңге үнемделіп, мемлекеттік бюджетке қайтарылды”, – дейді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, 2020 жылға белгіленген Токио Олимпиадасының коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға шегерілген. Сондай-ақ Олимпиада ойындарының 2021 жылға шегерілуі ұйымдастырушыларға біршама шығын келтірді.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp