[:kk]10 маусымнан бастап тағы бірнеше бағытта пойыздар жүре бастайды[:]

[:kk]

Мамандар сапарды алдын ала жоспарлап алған абзал дейді.

10-маусымнан бастап тағы бірнеше бағыт бойынша пойыздар қайта жүре бастайды, деп хабарлайды  “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі.

Мамандар сапарды алдын ала жоспарлап алған абзал дейді. Компания атап өткендей 7 бағыт бойынша шойын жолмен қатынауға болады. Сондай-ақ, пойыздардың келу/ кету уақыты туралы барлық ақпаратты “105” анықтама телефонына хабарласып біле аласыздар. Қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін.

Жұмысы жанданатын пойыз бағыттары:

1) № 19/20 “Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол” – Атырау, 11 маусымнан бастап “Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол”, Атыраудан – 12 маусымда;

2) № 29/30 Алматы-2 – Атырау, Алматыдан шығу – 11 маусымнан бастап, Атыраудан – 13 маусымда;

3) № 47/48 Атырау – “Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол”, 11 маусымнан Атырауға шығу, “Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол” – 13 маусымнан бастап;

4) № 95/96 “Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол” – Орал, “Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан” 10 маусымға дейін, Оралдан – 11 маусымда;

5) Атырау – Маңғыстау № 313/314, Атыраудан 10 маусымда шығу, Маңғыстаудан – 11 маусымнан бастап;

6) № 691/692 Ақтөбе – Атырау, Ақтөбеден 10 маусымнан бастап, Атыраудан – 11 маусымнан бастап;

7) Атырау – Алматы-1 № 41/42, Атыраудан 11 маусымнан, Алматы-1 – 13 маусымнан бастап;

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp