[:kk]Елордада той жасауға қашан рұқсат береді?[:]

[:kk]Нұр-Сұлтанда той бизнесінің өкілдері әкімдік алдына жиналды. Олар тойханаларды ашуды талап етуде. Үш айдан бері табыссыз отырғандарына ашулы жұрт 42 мың 500 теңге жыртыққа жамау болмағанын айтады деп хабарлайды NUR.KZ

Әкімдік алдына жиналғандардың арасында мейрамхана қожайындарынан бөлек, аспаз, даяшы секілді қызметкерлер де бар. Тіпті асабалар мен әртістер де осы қатарда. Мақсаттары біреу – мейрамханаларды ашуға рұқсат алу. Той-бизнеспен күн көріп жүргендер, пәтер ақысын төлей алмай отырғандарын жеткізді.

“Қарапайым жұмыскерміз. Мен 3 ай үйде жатырмын. Азық-түлік, жүріп-тұруым бар, 42 500 қайда жетеді? Пәтер ақысын қалай төлеймін?!”,– дейді тойхана әкімшісі Ерлан Есенмұратов.

Жиналғандар адам көп жүретін сауда орталықтары, дәмханалар ашылып, ал тойханалардың жұмысын бастауына рұқсат берілмегеніне наразы. Рұқсат берсе, барлық санитарлық ережелерді қатаң сақтауға да дайын екенін айтып отыр.

“Тепловизор, санитайзер, маскаларды да алып қоюға дайынбыз. Бірақ бізге рұқсат бермей отыр, мынадай нормаларды сақта десе дайынбыз. Үш айға несиемізді шегерді. Бірақ үш ай өтті, енді алда төлеуіміз қажет. Ал тойға әлі рұқсат жоқ”,– дейді тойхана иесі Эльмира.

Наразы жұрттың уәжін тыңдаған әкімдік өкілдері тойханаларды ашу, той өткізуге қатысты сұрақтардың шешімін Бас мемлекеттік санитар дәрігер қабылдайтынын жеткізді. Халықты сабырға шақырып, жиналғандардың ортақ мәселесін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жеткіземіз деп уәде етті.

“Біз санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірге бұл мәселемен айналысамыз. Өйткені санитарлық нормаларды бекітетін солар. Неше адамға дейін кіргізуге болады, санитарлық жағдайды қалай бақылау керек сол жағын шешеді”, – дейді қалалық сауда және қызмет көрсету саласы бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов

Өтініш-талаптарын қағаз бетіне түсірген мейрамхана иелері әкімдік өкілдерімен дүйсенбі күні қайта кездесетін болып келісті. Мәселенің түйіні сол кезде шешілетін болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте тойхана иелері қала әкімдігінің алында жиналып, наразылықтарын білдірген еді. Рестораторлар, аспаздар, асабалар мен музыканттар шаһарда тойхананың ашылуын талап еткен болатын.

Сонымен қатар Қостанайда тойхана иелері бас көтерген еді. l[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp