[:kk]Опера әншісі Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болды[:]

[:kk]Опера әншісі Сүндет Байғожин Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сүндет Абдрахманұлы Байғожин 1984 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясында “Жеке ән айту” мамандығы бойынша білім алды. “Астана Опера” театрының жетекші опера әншісі қызметін атқарды. ҚР Президентінің жарлығымен “Құрмет” орденімен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.


Фото: gov.kz

Опера майталманы Сыр елінің өнерін, оның ішінде классикалық музыканы дамытуға ат салысады. Аймақ өнерпаздарын белгілі опера жұлдыздарымен тәжірибе алмастырып, жаһандық сахнаға шығаруға еңбек етеді деп жоспарланған[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp