Ресей театр өнері институты қазақстандық режиссерлерге бес грант бөледі

Еуропадағы ең ірі театр саласы бойынша білім беретін Ресей театр өнері институты (ГИТИС) Қазақстандықтарға грантта оқуға мүмкіндік береді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі РФ Мәдениет министрлігімен «Театр режиссурасы» мамандығы бойынша бес бюджеттік орын бөлу туралы келісімге келді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Конкурсқа колледж түлектері, сондай-ақ қазіргі театр мамандары қатыса алады.

2024 жылғы 5 шілдеге дейін мына сілтемедегі құжатты толтыра отырып өтінім беруге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdl9MEOQxa3xlLYoiAkJvtVBShJzY8cp2wn7SEle3-GKw0Qtg/viewform.

Негізгі ақпараттан басқа, үміткер өзі туралы видеоны бірге жүктеу қажет, сонымен қатар режиссураны таңдау себебіне де тоқтала кеткен жөн.

Бірінші кезеңнен өткен үміткерлер Алматыда арнайы комиссия өткізетін  офлайн кездесуге шақырылады (05.07.24 -12.07.24).

Мемлекеттік театр өнері институты – Мәскеудегі 140 жылдан астам тарихы бар университет. Оқу ордасынан Марк Захаров, Анатолий Эфрос,  Александр Абдулов, Олег Меньшиков және т. б. белгілі өнер қайтраткерлері білім алған.

Институтты бітірген танымал түлектердің бірі – қазақ театр және кино режиссері, педагог, КСРО және ҚазКСР Халық әртісі Әзірбайжан Мәмбетов. Қазіргі уақытта өнер институтын бітірген түлектер дәстүрін қазіргі театр режиссерлері – Жұлдызбек Жұманбай мен Әлібек Өмірбекұлы жалғастыруда.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp