Ақмола облысында тұрғындар алаяқтарға сеніп, 32 миллион теңгеден айырылып қалған

Ведомство мәліметінше, осы аптада тұрғындар алаяқтарға сеніп 32 миллион теңге жоғалтқан.

“Мысалы, Қосшы тұрғынына What’s App мессенджерінде хабарлама келіп түскен. Одан танысы 200 000 теңге қарыз бере тұруын сұрап, қарызын пайызбен қайтаруға уәде берген. Шынымен танысы жазғанына көз жеткізбестен, азамат алаяқ көрсеткен шотқа ақша аударады. Ал танысына кешке ғана қоңырау шалып, жағдайын білуді ұйғарған”, – делінген хабарламада.

Әңгіме барысында танысы оның ұялы телефонын алаяқтар бұзып, барлық танысынан қарызға ақша сұрап хабарламалар жібергенін айтқан.

“Облыс прокуратурасы егер сізге таныстарыңыздан, туыстарыңыздан ақша сұраған хабарламалар келсе, міндетті түрде бұл хабарламаны олар шынымен жазғанын қоңырау шалу арқылы тексеруге шақырады. Ешқандай жағдайда қолма-қол ақшаны бейтаныс банк карталарының нөмірлеріне жібермеңіз”, – делінген хабарламада.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp