[:kk]Алматыда блок-бекеттен өткізу үшін пара алған аудан әкімдігі қызметкерлері сотталып тынды[:]

[:kk]Олар мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, бюджетке бірнеше миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Төтенше жағдай кезінде адамдарды блок-бекеттен заңсыз өткізген Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

 2020 жылы 13-14 мамырда Алматы қаласы № 2 Жетісу аудандық сотының аудандық сотында Жетісу ауданы әкімі аппаратының бас мамандары Қ.Е. Әденов пен С.С. Оразовқа қатысты айыптау үкімі шықты. Олар бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, тиісінше 4 777 500 теңге және 13 300 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот олардың мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырды. Сонымен қатар, сот пара алуға делдалдық жасағаны үшін В.И. Урджурды кінәлі деп тауып, оған 2 430 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді, деп хабарлады Жетісу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұрын хабарланғандай, сотталғандар төтенше жағдай жарияланып, карантин бекітілгеніне қарамастан Жетісу ауданындағы блок-бекеттен кезекшілік кезінде делдал арқылы бірнеше рет Алматы тұрғындарынан кедергісіз өткізу үшін пара алған.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp