[:kk] Жас мұғалімдер мен дәрігерлер электронды еңбек биржасында жылдам әрі оңай жұмыс таба алады[:]

[:kk]Медицина және педагогикалық білім беру ұйымдарының түлектері электрондық еңбек биржасында (http://www.enbek.kz/) енді дербес жолдама алу қызметін пайдалана алады. Яғни, түлектер өз түйіндемесін биржада орналастырып, жұмыс істегісі келетін нақты ұйымды өзі таңдайды.

«Біз оқуын аяқтаған жас маманның жұмыс орнын алдын ала бекітуге  қатысты функционалды жетілдірдік. Яғни, түлек бірнеше жұмыс берушіден сұраныс алған соң, әңгімелесуден өтіп, кейін өзі таңдаған мекемеге өтініш жібереді. Жұмыс беруші өзінің ЭЕБ «жеке кабинетінде» электронды өтінішті көреді. Одан кейін жұмыс беруші маманды жұмысқа алу не алмау туралы шешім қабылдайды. Аталмыш жүйе жұмыс беруші үшін де қарастырылған. Ол да өзіне сәйкес келетін жас маманды таңдап, жұмысқа шақырту жібере алады», – деп түсіндірді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ интернет-ресурстар департаментінің директоры Николай Брюханов.

Егер жұмыс беруші медицина не педагог маманын жұмысқа алу туралы шешім қабылдаса, қай уақытқа дейін жұмыс орны сақталып тұратыны жайлы үміткерге ақпарат жібереді. Барлық ақпарат жұмыс беруші мен ізденушінің жеке кабинеттерінде көрсетіледі. Егер тараптардың біреуі белгілі бір уақытта жауап бермесе, екінші тарап өтініштің күшін жоя алады және оны басқа ұйымға не басқа үміткерге қайта жібере алады.

Сондай-ақ, Электрондық еңбек биржасы порталында жұмысқа орналастыруды бақылау және жұмыс берушілергедің әлеуметтік қолдауды ұсыну үшін қосымша функционал пайда болды. Ол үшін ізденушілердің жеке кабинетінде кері байланыс нысаны қарастырылған. Оны жолдама алғаннан кейін және жұмысқа орналасқаннан кейін ғана толтыру қажет.

 

 

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp