[:kk]Үкімет 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашады – Тоқаев[:]

[:kk]Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстердің ашылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

“Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды. Мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет”, – деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Президент елдегі коронавирус пандемиясына байланысты мәлімдеме жасады. Тоқаевтың қаулысы бойынша елімізде төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзарды.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp