[:kk]Аграрлық несие корпорациясы 4,3 млрд теңгеден астам төлемдердің кейінге шегерілуін мақұлдады[:]

[:kk]«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ТЖ режимінің енгізілуіне орай қиындықтарға тап болған қарыз алушылардан несие төлемдерін кейінге шегеру өтінімдерін қабылдауды жалғастыруда. Бүгінгі таңда Корпорацияға кейінге шегеру туралы өтініштерімен 6,3 млрд. теңгеден асатын 81 қарыз алушы жүгінді. Әр өтінім жеке тәртіп бойынша қарастырылуда.

«ҚазАгро» Холдингінің Аграрлық несие корпорациясы өтінімнің жалпы санынан 4,31 млрд. теңгені құрайтын 32 кәсіпкердің қарыздарын төлеу бойынша мерзімді кейінге шегеруді мақұлдады, сондай-ақ 51 өтінім қарастырылу үстінде. Айта кететіні, 299 млн. теңге көлемінде несие алған бір кәсіпкердің өтініші мақұлданбады. Бас тартудың себебі – қарыз алушының қолданыстағы төлемдері бойынша жеңілдік кезеңі бар және бұл кәсіпкер шарт талаптарына сәйкес әзірге төлем жасамайды.

Төлемдерді кейінге шегеруді ұсыну ережелеріне сәйкес, жарияланған ТЖ режимі салдарынан кәсіпкердің қаржы жағдайының нашарлауы анықталған клиенттің өтініштері ғана мақұладанады, атап айтқанда – сатылған тауарлар және (немесе) қызметтер көлемінің азаюы, өнім сатып алушыларының төлем мерзімдерін тоқтатуы, мерзімінің өзгеруі және тағы басқа. Сонымен қатар, пандемияға байланысты енгізілген шектеулерге байланысты Корпорация өз қарыз алушыларына қатысты өсім мен айыппұл есептеулерін де тоқтатты.

«ҚазАгро» ҰБХ «Аграрлық несие корпорациясы»АҚ клиенттері мерзімді кейінге шегеруге қатысты барлық мәселелері бойынша 5115 жедел желісіне тегін хабарласуға болады.

Кейінге шегеру өтінімдерін info@agrocredit.kz электрондық поштасына эпидемияға байланысты қаржы жағдайының нашарлауын растайтын құжаттарды жіберумен қатар, кез келген ыңғайлы байланыс тәсілімен Корпорация қызметкеріне жіберуге болады. Өтінімдерді қарастыру жедел іске асырылады және 10 жұмыс күніне дейінгі уақытты құрайды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

Маркетинг және PR қызметі

тел: +7 7077114849

yeskendir.r@agrocredit.kz

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp