[:kk]”ҮДЕУДІҢ СЫРЫ — БІРЛІКТЕ…”[:]

[:kk]Қазақ халқы қай ғасырда болмасын тарихымыздың түрлі кезеңдерінде өз тұтастығын сақтап, күрделі бетбұрыстарында жол тауып, қиындықтар мен дағдарыстарға мойымай, кесапат пен кесірді бірлік пен ынтымақтың арқасында жеңе білді. 2020 жыл дүниежүзі елдерін дүр сілкіндіріп, әлем экономикасының даму қарқынын тежеген, жалпы қоғамның тіршілігін бәсеңдеткен – коронавирус індетінің таралуымен есте қалатыны көңілге қаяу салады.

Халық қашанда біліктілікті бітіммен ұштастыратын, бірліктің негізін қалайтын рухани бастамаларға мұқтаж…
Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шыққан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы дүйім жұрттың рухын көтеріп, бірлігін одан әрі нығайтуға күш берді.
Елбасының халқына деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігі, ақыл-парасатта сарапталған тоқтам-түйіндері ел ішіне жол тартты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өткен тарихымыз үйреткен өтпелі қиындықты еңсерудің тетігі мен кілті – ауызбірлік пен ішкі бітімде екенін пайымдай келе жастарға да жауапкершілік үндеуін жолдайды: «Жаңа өскін – жас ұрпаққа айтарым: тәуелсіздік жылдары дүниеге келген сендер келер жылы орда бұзар отызға толасыңдар. Еліміздегі ең қуатты күш – өздеріңсіңдер. Аға ұрпақ сендер үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, енді сендердің де күш-қайрат жұмсайтын кездерің келді. Жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылыңдар. Үлкенге – ізетті, кішіге – қамқор, бір-біріңе дос болыңдар. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» деген Абай аталарыңның өсиетін ешқашан естен шығармаңдар».

«Мәңгілік Ел» болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанымызды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған жастарды өтпелі кезеңде, ел үшін аянбай еңбек етуге шақырамын!

ҚИЫНДЫҚТЫ БІРГЕ ЕҢСЕРЕЙІК!
БІЗ БІРГЕМІЗ!

Қауанова Шырын Әділқызы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Тарих және саясаттану» кафедрасының оқытушысы[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp