[:kk]Қазақстанда бірден 6 облыста коронавирус анықталды[:]

[:kk]Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 18 адам анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы деректер бойынша, коронавирус індеті Алматы қаласында 5 адамнан, Қарағанды облысында 4 адамнан, Түркістан облысында 4 адамнан, Ақмола облысында 3 адамнан, Атырау облысында 1 адамнан, Қызылаорда облысында 1 адамнан анықталды.

“Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 115 адам, Қарағанды облысында – 31 адам, Ақмола облысында – 23 адам, Атырау облысы – 23 адам, Жамбыл облысында – 28 адам, Шымкент қаласында – 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 5 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 3 адам, Қызылорда облысында – 31 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 29 адам, Қостанай облысында – 1 адам”, – делінген хабарламада.

Қазақстанда жалпы 569 науқас тіркелді.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp