[:kk]ҚАЗАҚЫ КАРАНТИН [:]

[:kk]Түндіктен түскен әлсіз күн сәулесі бетіңе еркелей түсіп жұмсақ оятқандай. Кірпік ашылып көз алдыңда бір-бірімен әдемі айқасқан шаңырақ күлдіреуішіне қарай балбыраған ұйқы қанығын сезінудің өзі бір ләззат.
Кешегі жып-жылы маужыраған түнді таңның салқын балғыны ауыстырған. Айнала жаппай көк орайлы жалын дала. Шеткейде көптен көріспеген бауырдай тау биігі таңның тұманымен құшақтасып көріскендей.
Табиғат даусынан өзге дыбыс жоқ. Жусанды көк шөптің жұпар иісі мұрын жарып бой сергітеді. Сен жалғызсың.
Қолжуатынның тастай суымен салқындап бойыңа жігер дарытып алғандай. Киіз үй ішіндегі күбідегі ашыған көжені майда көбіктенгенше пісіп , үлкен тостағанды толтыра ішіп алсаң мақпал ашылығы уызға тойған құлындай секіргіңді келтіретіні сөзсіз.
Таңғы асқа кешегі кешқұрым аулаған балықты қуырып соған қанағат.
Көлеңке тұста жайылған текеметтегі жастықағаштың бетіндегі аққудың мамығындай жастыққа шүйдені қойып, іңкәр құлшыныспен қызық кітаптың келесі бетін парақтай көзбен сүңгіп кетудің өзі бұл әлемнен үзгендей.
Кенет атып тұра иен жайлауда жүгірсең, көк майса шөпке аунасаң, тіпті мойын тамыры шыққанша іштегіні шығарып айқайласаң да ешкімнің сенімен ісі жоқ. Сен өзіндік тәуелсізсің…

Айлы түннің самалымен шағын ошақтың қасында ой салғалап , жұлдыздың із тастап аққанына қарай өткен-кеткен өмірдің маржан сәттерін еске аласың.

Қалың түн оранғасын шаңырақтың күлдіреуіші төрт құбылам тең дегендей, сенің да ой қыртысың тазаланып, ішкі дүниең жеңілдеп қалың тәтті ұйқы қойнауына баттың.

Рухани оқшаулау адамның ішкі ізденісін артырып оның дүниетанымнының дұрыс қалыптасуына себепші. Ертеңгі қосылатын қоршаған ортасына сыйлайтын балғын көзқарас негізінде жатыр.

Дастан Абдырахманұлы

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp