[:kk]Кең болсаң, кем болмайсың: ШҚО кәсіпкері коронавируспен күреске 200 млн теңге бөлді[:]

[:kk]Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкері Серік Толықпаев COVID-2019 індетіне қарсы күреске медициналық препараттар мен жабдықтар сатып алуға 200 млн теңге бөлді.

Бизнесмен бұл бастамасын басқа да қазақстандық кәсіпкерлер қолдап, төтенше жағдай кезінде мемлекетке өз мүмкіндіктеріне қарай көмектесетініне сенім білдірді.

«Бүгінде мемлекеттің COVID-2019 қарсы күрес үшін қабылдап жатқан шараларын қолдаймыз және осы қиын кезеңде денсаулық сақтау жүйесіне қолдан келгенше қолдау көрсетеміз. Бірлігіміз бекем болса, кез келген қиындықтарды жеңе аламыз», – деп атап өтті «AITAS KZ» АҚ Бас директоры Серік Толықпаев.

Сондай-ақ, Серік Толықпаев өзі басқаратын компания – қызметкерлердің, тұтынушылармен серіктестердің жағдайларын ескере отырып, жұмыстың жаңа жүйесіне көшкенін хабарлады. Атап айтқанда, карантиндік және өндіріс аумағында волонтерлік штабтар құрылуда. Әлеуметтік жауапкершілік принципін ұстана отырып, «Құс-Вкус» кәсіпорны өз өнімінің бағасын көтермейді және оны дүкен сөрелеріне үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді. Қазіргі күні кәсіпорынның қоймасында өнім қоры толық.

«Компания ішінде дағдарысқа қарсы жаңа және тиімді қадамдар қабылдадық. Жаңашылдықтарымызбен еліміздегі басқа да кәсіпкерлермен бөлісуге дайынбыз. Дүниежүзілік пандемиямен қарсы күрес кезінде бизнесмендерге қажет болып қалады-ау деген материалдарды компанияның сайтында ашық түрде жариялап отырамыз», – деді С.Толықпаев.

 

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp